WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем титулдары үшін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен жаңа зеландиялық қарсыласы Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек биыл күзде өтуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Badlefthook.com сайтының мәліметінше, бұл жекпе-жек 19 қазанда АҚШ-тың Флорида штатындағы Орландо қаласында өтетін Тим Цзю – Бахрам Мұртазалиев шоуының бір бөлігі болуы мүмкін.

Еске салайық, бастапқыда қос боксшының шайқасы 13 шілдеге жоспарланған болатын, бірақ жекпе-жек қарсаңында Әлімханұлы салмақ қуу кезінде есін жоғалтып, ауруханаға түскен еді.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!