UFC жартылай орта салмақтағы чемпионы американдық Белал Мұхаммад Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Submission Radio сілтеме жасап.

«Егер Усман Хамзаттан ұтылмаған жағдайда, мен онымен төбелесуге келісер едім. Адамдар бұл жекпе-жектің қысқа хабарламада болғанын ұмытады. Бірақ мен Усманмен жекпе-жек өткізер едім, өйткені оған дейін ол тек Леоннан жеңіліп қалды. Алайда, қазір оның қатарынан үш жеңілісі бар, менің ойымша, ол менімен төбелесу үшін кем дегенде бір жеңіске жетуі керек. Сондықтан маған қазір Шавкатпен төбелескен дұрыс болар. Барлығы оны «жеңілмейтін бугимен» деп ойлайды.

Мен Instagram парақшамда «шавкатовтықтардан» мыңдаған пікірлер көремін. Мен үшін бұл адамдарға олардың қателігін дәлелдейтін тағы бір сынақ болар еді. Барлығының аузын жабар едім. Менің соңғы алты-жеті жекпе-жегімде барлығы мені өлтіремін, жоямын және тағы сол сияқты сөздерді айтқан. Егер мен Шавкатқа қарсы шығып, оны езіп тастасам, ешқандай әңгіме болмайды.

Мен Усманды ұтсам, бәрі: «иә, ол үш жеңіліс сериясында, ол әлсіз, тізелері де әлсіз. Сен жай ғана бомжды ұрдың» деп айтар еді. Егер Мен Шавкатты жеңсем, олар енді ештеңе айта алмайды. Ол жеңілмеген және барлық жекпе-жектерін мерзімінен бұрын аяқтаған. Сондықтан менің назарым қазір Шавкатта», - деді UFC чемпионы.