Сәрсенбі, 4 қыркүйекте елордалық «Барыс» ҚХЛ 2024/25 маусымындағы алғашқы ойынын «Нефтехимикке» қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» пен «Нефтехимик» арасындағы ойын Астанада өтеді және жергілікті уақыт бойынша сағат 19:30-да басталады. Бұл ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда астаналықтар тұрақты маусымда 50 ұпай жинап, Шығыс конференциясында соңғы орын алған болатын.