Қазақстандық теннисші Анна Данилина 2024 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жұптық сайыста өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

US Open жұптық сайысының ширек финалында Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева украиналық Людмила Киченок пен латвиялық Елена Остапенкоға есе жіберді.

1 сағат 47 минутқа созылған кездесу 6:7, 4:6 есебімен аяқталды.

Нью-Йорктегі турнирдің жартылай финалындағы Киченок пен Остапенконың қарсыластары кейін анықталады.