Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирін бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтың алғашқы қарсыласы Аджит Рай (Жаңа Зеландия) болды. Жұқаев бірінші сетте жеңіліп қалғанына қарамастан, кездесуде 2:6, 6:3, 7:6 есебімен жеңіске жетіп, екінші айналымға өтті.

Бейбітттің келесі қарсыласы Томаш Барриос (Чили) - Фаджинг Сун (Қытай) жұбының жеңімпазы болмақ.

Жұқаев жекелей АТР рейтингінде 198-ші орында.