Таиландта тректегі велоспорттан Азия кубогі аяқталып, Қазақстан төрт медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz

Із кесу жарысында Максим Хорошавин үшінші орын иеленді. Сондай-ақ, ол омниумда күміс медаль алды.

Әйелдер арасындағы жекелей із кесу жарысында Рината Сұлтанова үшінші нәтиже көрсетті.

Ұпай бойынша топтық жарыста Әлішер Жұмақан күміс медальға қол жеткізді.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!