Бүгін қазақстандықтар XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жүлдегері Еркін Ғаббасовты елорда әуежайынан қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Prosports.kz

R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен отандасымыз ел қоржынына күміс сыйлаған еді.

Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі.

Олимпиада жеңімпазын қарсы алуға спортшының жақындары, достары мен жанкүйерлері жиналды.

«Қарсыластарым өте танымал, мен олармен қатар өнер көрсеткеніме мақтанамын. Қатты уайымдадым. Паралимпиаданың алтын жүлдесін алған Пак Джинхо қателеспесем әлемдік рекордшы, бұған дейін 3-4 рет Паралимпиадаға қатысқан. Қарсыластарым мықты болды», - деді Еркін Ғаббасов БАҚ өкілдеріне сұхбат бере тұрып.

Сондай-ақ, спортшы ойын барысында жанкүйерлердің қолдауын сезінгенін айтты.

«Мені анам, әйелім мен балаларым үнемі қолдайды. Әйелім үнемі менімен бірге жүреді, бұл жолы да қасымда болды. Одан бөлек, жақындарымнан, достарымнан, әріптестерім мен спорт қауымдастықтарының қолдауын сезіндім. Сондықтан да жеңісімді отаным мен отбасыма арнаймын», - дейді жеңімпаз жерлесіміз.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!