Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиада ойындарының іріктеу кезеңінен өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz

200 метрге кешенді жүзуден жарысқа қатысқан Нұрдәулет SM13 классында бақ сынап, 2:20.31 секунд нәтижесін көрсетті. Дегенмен бұл нәтиже финалға өту үшін жеткіліксіз бодды. Финалға 14 спортшының арасынан үздік нәтиже көрсеткен 8 спортшы өтеді.

Нұрдәулет 5 қыркүйек күні 100 метрге брасс әдісімен жүзуде сынға түседі.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!