Ресми: Александр Кержаков «Қайраттан» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз мәслихаты хабарлады.

Қос тарап өзара бір мәмілеге келіп, мезгілінен бұрын келісімшартты бұзды. Ресейлік маманмен бірге көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кетеді.

Кержаков «Қайратты» мамыр аи‌ының соңында тізгіндеген болатын. 12 матч өткізіп 6 рет жеңіске жетсе, 3 рет тең ойнап 3 рет жеңілген. Кержаков жетекшілігімен команда турнирлік кестеде көш басына шыққан болатын.

Маусым соңына дейін клубты Рафаэль Уразбахтин баптайтын болады.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!