Перудың Лима қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Аталған сында қазақстандық спортшылар да өнер көрсетті.

Назарларыңызға отандық жас атлеттердің әлем чемпионатындағы нәтижесін ұсынамыз:

Алина Чистякова, жетісайыс, 9-орын;

Ирина Конищева, жетісайыс, 12-орын;

Фаина Мейірманова, биіктікке секіру, 173 см;

Богдан Гончаров, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 14.19 секунд;

Кристина Ермолаева, 100 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 14.66 секунд.