Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы бірінші ракеткасы, 16 жастағы Әмір Омарханов ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге, жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінің бірінші айналымын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жігіттер үш сетте Атакан Карахан (Түркия) / Хоен Ро (Оңтүстік Корея) жұбынан басым түсті - 6:3, 3:6, 10:8.

Келесі айналымда Денис Петак (Чехия)/Флинн Томас (Швейцария) жұбына қарсы ойнайды.

Жұптық сынға қатысқан тағы екі жасөспірім Соня Жиенбаева мен Асылжан Арыстанбекова кездесуде жеңіліп қалды.