«Қайрат» бас бапкері Александр Кержаков қызметінен кетуге ниетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sport24-ке сілтеме жасап.

«Кержаков отставкаға кетуге өтініш жазды: Қайрат не істерін ойлап жатыр», - деп жазды журналист Иван Карпов өзінің Telegram-арнасында.

1 қыркүйекте «Қайрат» «Астанадан» жеңіліп қалды (0:1). Кержаковтың командасы қазір 18 ойында 32 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесін көш бастап тұр.

Мамыр айының соңында «Қайрат» тізгінін Кержаков ұстаған. Содан бері оның командасы Қазақстан чемпионатында 9 кездесу өткізіп, 5 рет жеңіске жетіп, 2 мәрте жеңілді, тағы 2 ойын тең аяқталды.