Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге US Open турнирінің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олардың қарсыластары словакиялық Тереза Михаликова мен британиялық Оливия Николлс болды. 1 сағат 26 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.

Ширек финалда Хромачева мен Данилина украиналық Людмила Киченок пен латвиялық Елена Остапенкоға қарсы ойнайды.

US Open 26 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы жекелей сында жалпы жүлде қоры 75 миллион доллар. Турнирдің қазіргі чемпионы былтырғы финалда беларусь Арина Сабаленканы жеңген америкалық Кори Гауф.