«Тамбов» ХК қазақстандық хоккейші Эдуард Шетлемен келісімшартты бұзғаны туралы ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Хоккейші ЖХЛ клубына осы маусым аралық кезеңде қосылған болатын.

Өткен маусымда 21 жастағы қазақстандық хоккейші «Номад» сапында Қазақстан тұрақты чемпионатында 49 кездесу өткізіп, 23 (6+17) ұпай жинаған. Плей-оффтың 14 матчында ойыншы 5 (1+4) ұпай жинады.