Футзалдан Украина құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионаты алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport.ua сайтына сілтеме жасап.

Көк-сарылар 2024 жылғы әлем чемпионатына дайындықты жалғастырып жатыр. Үш қала мен үш мемлекет артта: Ужгород (Украина), Висеу (Португалия), Сараево (Босния және Герцеговина).

Келесі аялдама – әлем чемпионатын қабылдайтын Өзбекстанмен климаты, сағаттық белдеуі ұқсас Қазақстан.

Футзалдан әлем чемпионаты 14 қыркүйекте басталады. Украина құрамасының алғашқы матчы 15 қыркүйекте Аргентинаға қарсы өтеді.