«Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы Даниэль Себальос жаратықатына байланысты біраз уақыт алаңға шыға алмайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметі Ла Лиганың 4-турында «Бетиске» (2:0) қарсы өткен ойыннан кейін 28 жастағы жартылай қорғаушының тобық буынының жарақаттап алғаны анықталғанын хабарлады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, футболшы 6-8 аптаға жуық өнер көрсете алмайды.