«Бавария» жартылай қорғаушысы Йозуа Киммих Германия құрамасының жаңа капитаны атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Киммих капитандық міндетті Илкай Гюндоганнан алды. Гюндоган амыз айында ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтайтынын жариялаған болатын.

Вице-капитандар «Реал Мадрид» қорғаушысы Антонио Рюдигер мен «Арсенал» жартылай қорғаушысы Кай Хаверц болады.

29 жастағы Киммих Германия құрамасында 2016 жылдан бері өнер көрсетіп, 91 ойынға қатысқан.

Германия келесі кездесуін 7 қыркүйекте Ұлттар лигасы аясында Венгрияға қарсы өткізеді.