Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Стамбулда (Түркия) өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кукушкин турнирдің бірінші айналымында бельгиялық Микаэль Гиерцтен 6:4, 3:6, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, матч 2 сағат 35 минутқа созылды.

Гиртц екінші айналымда Корай Кирчи (Түркия) - Элмер Мулер (Дания) матчының жеңімпазымен кездеседі.