Қазақстандық Naiza FC промоушенінің басшысы Нұрбек Қарабала Асу Алмабаевтың UFC титулына қашан таласа алатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Егер Асу Николауды жеңсе, ол рейтингте жетінші орынға көтеріледі. Осыдан кейін ол үшінші нөмірмен жекпе-жекке шыға алады. Егер бесінші жекпе-жегі сәтті өтсе, үздік үштікке енеді. Келесі жылдың соңына қарай Асу титулға жақындай түседі», - деді Қарабала Taspanews.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 20 қазанда UFC Vegas 99 турнирінде Алмабаев бразилиялық файтер Маттеус Николауға қарсы жекпе-жек өткізеді, қарсыласы қазір рейтингте жетінші орында тұр.