Кеңес Одағы тұсында еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы атанған беларусь балуаны Александр Медведь 87 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Қаралы хабарды спорт жанкүйерлеріне Беларусь күрес федерациясы жеткізді.

«Бүгін әлем спортының аңызы, ХХ ғасырдың үздік балуаны, үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Васильевич Медведь 87 жасында дүниеден озды. Бұл қайғыны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жатқан жерің жайлы болсын, аңыз. Александр Васильевичтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», - делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, Александр Медведь үш түрлі салмақ дәрежесінде (жартылай ауыр, ауыр және абсолютті) үш дүркін Олимпиада чемпионы (1964, 1968, 1972) болды. Сондай-ақ, ол жеті рет әлем чемпионы (1962-1963, 1966-1967, 1969-1971), үш рет Еуропа чемпионы (1966, 1968 және 1972) және тоғыз рет КСРО чемпионы (1961-1970) атанған.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!