Абылайхан Жүсіпов жүлде қоры 2 миллион долларды құрайтын Қытайдағы IBA бокс лигасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Әлем чемпионаттарының үш қола медалінің иегері Абылайхан Жүсіпов Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) мен Kunlun Star бірігіп ұйымдастырған жаңа бокс лигасына қатысады.

Жаңа лига 2024 жылдың 16 қарашасынан бастап Бейжіңдегі Ұлттық стадионда өтеді.

Турнир екі салмақ дәрежесінде өткізіледі: 63,5 келі және 71 келі. Жүсіпов 71 келіде өнер көрсетеді.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!