Испанияның Понтеведре қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғаш болып кілемге грек-рим күресінің өкілдері шығады.

Атап айтар болсақ, бірінші жарыс күнінде балуандар 55, 63, 77, 87 және 130 келі салмақта бақ сынайды.

Әлем біріншілігі 8 қыркүйекте мәресіне жетеді.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!