«Реал Мадрид» «Барселона» рекордын жаңартуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz

Мадридтік «Реал» Ла Лигада 36 матч бойы жеңілмей келеді.

Ал Ла Лигадағы жеңіліссіз серия рекорды қатарынан 43 матчта жеңілмеген «Барселонаға» (2017-2018) тиесілі.

Анчелотти шәкірттері қазір 4 турдан кейін 8 ұпай жинап, турнир кестесінде «Барселонадан» кейін екінші орында келеді.

Келесі ойынын 14 қыркүйек күні Сан-Себастьянда «Реал Сосьедадқа» қарсы өткізеді.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!