Хоккейден Қазақстан командасының бас бапкері Олег Болякин Олимпиадаға іріктеу турнирінде Словакияға қарсы өткен матчқа қатысты өз пікірін айтты, деп жазады Olympic.kz.

«Біз жігіттерге, әсіресе, жас спортшыларға бұл кездесудің үлкен тәжірибе боларын ескерттік. Өз міндеттеріне деген жауапкершілік жоғары болуы керек. Өкінішке қарай, жас жігіттердің басым көпшілігі психологиялық қысымға төтеп бере алмады.

Бірінші кезеңде қарсылас мықты болса, екінші кезеңде ойын бағытын өзгертіп, жақсы ойнай бастадық. Содан соң ойыншымыздың айдыннан қуылғаны күдік тудырды. Бұл қарсыластың қайта басымдық алып, үшінші голды соғуына алып келді.

Бұл жерде де қателік бар. Үшінші кезеңде айтарлықтай жақсы ойнадық, жігіттер тапсырманы орындап, қақпа алдында қысым көрсетті. Бірақ бір қадам жетіскен жоқ. Қазір тек өкініш қаалды. Бірақ мен жігіттерге алғысымды айттым, ешкімге өкпе жоқ. Біз - бір команда, бір отбасымыз. Шеберлік жетіспеді, жарыс қорытындысы осындай», - деді бас бапкер.