Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US Open 2024 турнирінде бол-герлға құрметсіздік көрсетіп, кейін кешірім сұрады.

Турнирдің үшінші айналымында италиялық Жасмин Паолиниге қарсы өткен матчта Юлия Путинцева бол-герл берген доптарды бірнеше мәрте қабылдамай қойған. Кейін қазақстандық теннисші Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялап, кешірім сұрады.

- Сол әрекетім үшін бол-герлдан кешірім сұрағым келеді. Мен геймді ұта алмағаным үшін өзіме қатты ашуланып тұрдым. Кейін көңілім құлазып, ойға беріліп кеттім. Тіпті айналамда не боп жатқанына, кім маған доп беріп жатқанына мән бермедім. Бол-балалар әдеттігідей керемет жұмыс істеді, - деп жазды теннисші.