Словенияның Оточец қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі аяқталуға жақын. Бұл бәсекеде қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жас теннисші11 жасқа дейінгі атлеттер арасында алтын медаль алса, 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола жүлдегер атанды.

Айта кетелік, тамыз айында Хорватияда өткен турнире WTT Youth Contender турнирінде Жәния жеңіске жеткен болатын.