«Астана» бас бапкері Григорий Бабаян ҚПЛ-дың 18-туры аясында өткен «Қайратқа» (1:0) қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сітеме жасап.

«Эмоционалдық тұрғыдан өте қиын матч болды. Үш күн бұрын біз бүкіл Қазақстан үшін өте маңызды матч өткіздік, жақында Конференция лигасындағы қарсыластарымыз анықталды. Бұл ойынға 100% дайын болмадық. Жігіттерге алғыс айтамын. Біз жеңіске лайық болдық», - деді Бабаян.

Айта кетейік, Алматының Орталық стадионында өткен ойында «Астана» ойыншылары «Қайратты» 1:0 есебімен жеңді. Жеңіс голын 85-минутта Марин Томасов соқты.