Хоккейден Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінің соңғы матчында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олег Болякин шәкірттері Братиславада Словакия құрамасынан 1:3 есебімен жеңілді. Жеңіске жеткен команда сапында Роберт Лантоси, Павол Регенда және Адам Лиска шайба соқты. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Никита Михайлис соқты.

Осы жеңісінің арқасында Словакия құрамасы D тобында бірінші орын алып, 2026 жылы Италияда өтетін Олимпиадаға қатысу құқығына ие болды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуде Венгрияны 5:2 есебімен жеңіп, кейін Австриядан 2:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде Болякин шәкірттері топта екінші орын алып, 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама ала алмады.