1 қыркүйекте Эредивизияның 4-турында ПСВ өз алаңында «Гоу Эхед Иглсті» 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Opta хабарлағандай, ПСВ Нидерланды чемпионатында 54 матч қатарынан гол соғып (жалпы 171 гол), Эредивизия рекордын қайталады.

Бұрынғы рекордты ПСВ өзі орнатқан. 2014 жылдың қазанынан 2016 жылдың наурызына дейін чемпионатта қатарынан 54 матчта гол соқты.