Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Иранға қарсы екінші жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астанада өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Қазақстан құрамасы сапынан Біржан Оразов гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы кездесуде 4:1 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен. Ол ойында Дуглас, Шыңғыс Есенаманов, Жахангир Рашит және Ақжол Дәрібай гол соқты.

Айта кетейік, 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанның үш қаласы, Ташкент, Бұхара және Әндіжанда футзалдан оныншы әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан D тобында Испания, Жаңа Зеландия және Ливиямен ойнайды.