«Елімай» футбол клубының бас бапкері Андрей Карпович Қазақстан премьер-лигасының 19 туры аясындағы «Ақтөбемен» ойын жайында пікірін айтты.

«Елімай» сырт алаңда ойнады. Басында гол жіберіп алғанымен, 3:1 есебімен матчта жеңіске жетті.

«Ақтөбе ойнаған жақсы. Осындай атмосфера, жақсы стадион мен команда. Ойын барысы жайында айтар болсақ, бастапқыда осалдық танытқанымызбен, жағдайды реттеп, алғашқы таймда гол соқтық. Қарсыласқа қарағанда, бізде оңтайлы сәт көп болды. Көп қателікке бой алдырмай, ауызбірішілікте ойнадық. Алғашқы минуттарда болған пенальтиді ескермесек, үш гол соқтық, бізге берілген мүмкіндіктің бәрін іске асырдық» — деді Карпович.