Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының финалдық олимпиадалық іріктеу кезеңінде Словакиямен шешуші ойын өткізеді.

Алғашқы екі турда аталған құрамалар ұпайдан шашау шығарған жоқ. Қазақстандық хоккейшілер Венгрияны 5:2, Австрияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ал Словакия құрамасы Австрияны 2:1, Словакияны 7:3 есебімен жеңді.

Екі құрама қазірге дейін он мәрте кездесті. Оның 1-де Қазақстан жеңсе, қалғанында қарсыласына есе жіберіп қойды.

Қазақстандық спортшылар Қысқы Олимпиадада 1998, 2006 жылдары бақ сынауға мүмкіндік алды. 1998 жылы жалпы командалық есепте сегізінші орынға тұрақтады. 2006 жылы топтық кезеңде бесінші орынды қанағат тұтып, жарысты жалғастырудан тыс қалды.

Ал 2002, 2010, 2014, 2018, 2022 жылдарда іріктеу кезеңінен аса алған жоқ.