19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словенияда өтетін «Slovenia Nations Cup-2024» халықаралық турниріне қатысады.

Жарыста Қазақстан, Словения, Мексика, Франция, Ирландия, Исландия, Польша және Катар құрамалары өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасы Ирландия, Исландия және Польша ұжымдарымен кездеседі.

Оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Талғарда басталады. Команданың аға бапкері Александр Кузнецов шақыртылған ойыншылар тізімін жариялады.

Қақпашылар: Ильдар Меңдіғалиев («Қайрат»), Әбілқайыр Әлиақбар («Жас Қыран»);

Қорғаушылар: Елжан Молдахмет, Темірлан Мурзағалиев, Әлихан Исраилов, Эльхан Саидов (бәрі – «Қайрат»), Тимур Курбанов («Хан-Тәңірі»), Данияр Ерлан («Жас Қыран»), Рустам Жанхаев («Ұлытау»);

Жартылай қорғаушылар: Аруп Саутов, Шыңғыс Дүйсенбек, Абулхайыр Абдрахманов («Қайрат»), Хамза Мұхаметәли («Жеңіс»), Аян Байдавлетов («Ақтөбе»), Димаш Серікұлы («Тараз»);

Шабуылшылар: Адам Газиев (AKAS), Ерасыл Сәрсенбай («Ұлытау»), Сұлтан Шымырхан (SD Family), Ахметәли Қалтанов («Астана»), Тамерлан Агиманов («Екібастұз»), Ілияс Әбіл («Жил Висенте», Португалия), Рамазан Бағдат («Қайрат»);

Бапкерлік штабы: Александр Кузнецов – аға бапкер, Игорь Маштаков – аға бапкердің көмекшісі, Аскар Келжанов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Азат Құрманов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Владимир Горячий – бейнесарапшы, Еркебұлан Нұралиев – дәрігер, Станислав Ведлер – массажист, Серік Жугралин – менеджер.

«Slovenia Nations Cup-2024» ойын күнтізбесі (Астана уақыты көрсетілген):

5 қыркүйек, 20:00

Қазақстан U-19 – Польша U-19

7 қыркүйек, 20:00

Қазақстан U-19 – Ирландия U-19

10 қыркүйек, 19:30

Қазақстан U-19 – Исландия U-19