Қазақстандық спортшы Зульфия Габидуллина 150 метрге кешенді жүзуде мәре сызығын 10-шы болып жүзіп өтіп, финалға өте алмады.

Медальға таласқа бірінші болып келген 8 спортшы іріктеледі.

Айта кетсек, Париж ойындары – Зульфия Габидуллинаның төртінші Паралимпиадасы. 2016 жылы Риода Зульфия Паралимпиада ойындарында Қазақстанның алғашқы алтынын жеңіп алған. Зульфия үшін келесі жарыс 4 қыркүйекте (50 м брасс) өтеді.