Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарындағы триатлон жарысы Сенадағы судың сапасыздығына байланысты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Халықаралық триатлон одағының (World Triathlon) баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыс 1 қыркүйекте өтуі керек еді.

«Сынақтар соңғы екі күндегі жаңбырдан кейін су сапасының төмендегенін көрсетті. Нәтижесінде жарыс алаңындағы судың сапасы жүзуге жарамсыз. Барлық 11 паратриатлон жарысын 2 қыркүйекке белгілеу туралы шешім қабылданды. Бұл алдағы сынақтарға байланысты», - делінген хабарламада.