1 қыркүйекте хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылы Италияда өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінде үшінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу турнирі Братиславада өтіп жатыр. Шешуші кездесуде қазақстандық хоккейшілер Словакия құрамасына қарсы ойнайды.

Қазақстан – Словакия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 21:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Соңғы тур алдында командалардың жағдайы: Словакия – 6 ұпай, Қазақстан – 6 ұпай, Австрия – 0 ұпай, Венгрия – 0 ұпай.

Осылайша, үшінші айналымда Қазақстан мен Словакия құрамалары 2026 жылғы Олимпиадаға қатысу құқығына таласады. Төртжылдықтың додасына топ жеңімпазы ғана жолдама алады.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!