Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге екінші айналымда жарыстың 4-ракеткалары, америкалықтар Кэролайн Доулхайд – Дезире Кравчикті жолдан ығыстырды.

Америкалық жұп фаворит саналғанымен, қазақстандық-ресейлік дуэт ойын тізгінін қолына ала білді – 6:3, 6:4. Бір сағат 27 минутқа созылған матчта екеуі 2 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Доулхайд – Кравчик 3 эйс, 2 брейкпен шектелді.

Анна Данилина – Ирина Хромачева ширек финалға шығу үшін ұлыбританиялық Оливия Николс – словакиялық Тереза Михаликовамен шеберлік таластырады.