Қазақстандық таеквондошы Нұрлан Домбаев Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының қола медаль үшін бәсекеде сынға түсті.

Пара таеквондодан 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде К44 санаты бойынша қазақстандық Нұрлан Домбаев Оңтүстік Корея өкілі Джу Чон-хунмен қола медаль үшін бәсекеде кездесті.

Нәтижесінде қазақстандық спортшы 1:7 есебімен жеңіліс тапты. Нұрлан Домбаев пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы атанған (2017, 2019). Сондай-ақ 2022 жылы өткен Азия ойындарының қола жүлдесін еншілеген.