ҚР Конституциясы күніне орай Алматыда №9 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов марапатталды.

Алматының Билалдин Ушуров бастаған кәсіпкерлері отандық спортшыға 2 бөлмелі пәтерге сертификат табыс етті.

«Ең алдымен, меценаттарымызға, бизнесмен ағаларымызға маған екі бөлмелі пәтер сыйлаған үшін алғысымды білдіргім келеді. Шындығында, мен мұндай сыйлық аламын деп күткен жоқпын. Бұл үлкен бақыт, мен үшін бұл менің жаңа өмір жолыма үлкен көмек болады. Менің тарихи жеңісім үшін мұндай сыйлық маған әрі қарай көп жаттығуға мотивация береді. Мен алдағы төрт жылда алтын медаль алу үшін бар күшімді саламын», – деді Нариман Құрбанов.

Бұған дейін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Алматы қаласынан екі пәтер алған еді. Оның біреуін әкімдік, екіншісін демеушілер берген.

Айта кетейік, жақында Нариман қазақ қызы Аида Бауыржановаға үйленеді. Тойлары қыркүйек айына жоспарланған.