Қазақстандық таеквондошы Нышан Өмірәлі Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының қола медаль үшін бәсекеде сынға түсті.

Пара таеквондодан +80 кг салмақ дәрежесінде К44 санаты бойынша қазақстандық Нышан Өмірәлі Иран өкілі Хагшенас Хамедпен қола медаль үшін бәсекеде кездесті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 14:16 есебімен есе жіберді.