«Астананың» Конференция лигасындағы матчтарының өтетін уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz

«Астана» жаңа форматқа байланысты негізгі кезеңде 6 ойын өткізеді. Оның үшеуі үйде, үшеуі қонақта өтеді.

Монакода өткен жеребе тарту рәсімінің нәтижесі бойынша «Астаны» үйдегі ойындарда «Челси», «Витория Гимарайнш» және ТСЦ командаларын қарсы алады, АПОЭЛ, «Нью-Сейнтс» және «Пафос» командаларына қонаққа барады.

3 қазан өз алаңында vs "Бачка-Топола" (Сербия)

24 қазан сырт алаңда vs "Нью-Сэйнтс" (Уэльс)

7 қараша сырт алаңда vs "Пафос" (Кипр)

28 қазан өз алаңында vs "Витория Гимарайнш" (Португалия)

12 желтоқсан өз алаңында vs "Челси" (Англия)

19 желтоқсан сырт алаңда vs АПОЭЛ (Кипр)