Нұрлан Домбаев қола жүлде үшін күреседі. Бұл туралы ҚР Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 санатында сынға түскен Нұрлан Домбаев Коста-Рика спортшысы Молина Андреспен кездесіп, жұбаныш жекпе-жегінде 18:5 есебімен жеңіске жетті. Енді Нұрлан Паралимпия ойындарының қола медальі үшін күреседі.

Жекпе-жек Астана уақытымен 22:50-де өтеді.