Қазақстанның екінші, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымынан тыс қалды.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен таласып көрді.

Осыған дейін қарсыластар 2021 жылы Порторож (Словения) WTA 250 жарысының жартылай финалында кездесіп, онда италиялық спортшы 1:6, 6:3, 6:2 есебімен ұтқан еді.

Бірінші партияда Паолини брейкпен 3:0 есебімен алға кетті. Путинцева есепті қысқартқанымен, қарсыласының қайта брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды – 2:4. Содан кейін тағы брейк алмасқанымен, жағдай өзгерген жоқ – 3:6.

Екінші сетте италиялық теннисші матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Бір сағат 36 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 2 эйс, 2 брейктен (9 брейк-пойнт) аса алмады. Паолини 1 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.

Осылайша, АҚШ ашық чемпионатында Қазақстаннан жұптық және аралас сында өнер көрсететін Анна Данилина ғана қалды.