Қазақстандық Камиля Досмалова Паралимпииада Ойындарының қоласы үшін жекпе жекте жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Камиля бразилиялық Силвана Майаре Кардозо Фернандеске 28:3 есебімен жол берді.

Бұған дейін ширек финалда Камиля сербиялық Мария Мицевке 20:8 есебімен жеңілген еді. Кейін жұбаныш кездесуде Ирен Марға (Фиджи) 12:6 жол берді. Камиля пара таеквондода К44 (57 келіге дейін) санатында өнер көрсетті.