Отандық таеквондошы Нұрлан Домбаев Паралимпия ойындарын сәтті бастады. Қазақстандық спортшы ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 санаты бойынша сынға түскен Нұрлан Домбаев Марокко елінің өкілі Рашид Исмаил Алауимен іріктеу жекпе-жегінде кездесіп, қарсыласын 12:7 есебімен жеңді. Отандасымыз қарсыласынан басым түсіп, ширек финалға өтті.

Домбаев келесі кезеңде жеңіліс тапса да, медаль жеңіп алу мүмкіндігінен айырылмайды. Спортшы жұбаныш кездесуге қатысып, қола үшін күресе алады.