Бразилиялық файтер, бұрынғы UFC чемпионы Дейвесон Фигередо ресейлік Петр Янның мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Ян Лас-Вегаста (АҚШ) желтоқсан айында өтетін UFC 310 турнирінде Фигередомен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтқан болатын.

«Бұл жекпе-жек өтуі мүмкін, қызық нұсқалардың бірі», - деді бразилиялық ТАСС-қа берген сұхбатында.

Дейвесон Фигередо ММА-да 28 жекпе-жек өткізіп, 24 жеңіске жетті. Петр Ян 22 жекпе-жекте 17 жеңіске жеткен.