Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы дебюттік жекпе-жегінің алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық таразыда 72,3 келіні көрсетіп, орташа салмақ шегін (72,5 келі) орындады. Оның америкалық қарсыласы Антонио Тодд – 72,03 болды.

Айта кетейік, кездесу 1 қыркүйекте өтеді. Тікелей трансляция Астана уақытымен 07:00-де басталады. Оны UFC ресми сайтында және SPORT+ телеарнасында көруге болады.