Бүгін «Испания Вуэльтасы» көпкүндік веложарысының 13-кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңнің жеңімпазы Israel-Premier командасының канадалық шабандозы Майкл Вудс атанды. Екінші орынды Jayco AlUla командасының швейцариялық велошабандозы Мауро Шмид алды. Үздік үштікті UAE Team Emirates-тің испаниялық шабандозы Марк Солер түйіндеді.

«Астана» сапында үздік нәтижені Лоренцо Фортунато көрсетті. Ол мәреше 37-болып жетті.

«Испания Вуэльтасы». 13-кезең. Луго — Пуэрто-де-Анкарес. 175.6 шақырым

1. Майкл Вудс (Канада, «Israel-Premier») — 4:21:132. Мауро Шмид (Швейцария, «Jayco AlUla») — +0:123. Марк Солер (Испания, «UAE Team Emirates») — +0:52

....37. Лоренцо Фортунато («Астана») - +13:18

Жалпы есеп:

1. Бен О'Коннор (Decathlon AG2R La Mondiale) - 52:10:15

2. Примож Роглич (Red Bull - BORA - hansgrohe) +1:21

3. Энрик Мас (Movistar Team) +3:01

...20. Лоренцо Фортунато («Астана») - +13:09

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!