Бокстан «Еуразия кубогі» турнирінде бақ сынап жатқан қазақстандық боксшылардың үшеуі қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Санжарәли Бегалиев, Дамир Синеев және Аслан Елдібайұлы халықаралық жарыстың қола медалін иеленді.

Олардың екеуі ресейлік спортшыға есе жіберсе, біреуі Моңғолия боксшысынан жеңілген.

Айта кетелік, бірнеше қазақстандық боксшы турнирдің финалында жұдырықтасады.