Жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында қазақстандық теннисші Даниал Рахматуллаев іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz

Ақтау теннис мектебінің түлегі, 17 жастағы Даниал Рахматуллаев іріктеу турнирінің жартылай финалында америкалық Рохан Белдаимен кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде америкалық спортшы қарымта қайырды – 6:4. Супер тай-брейкте Даниалдың жолы болды – 10:8. Тартысты бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

Рахматуллаев іріктеу сайыстарының финалында ATP рейтингісінде 1195-сатыда тұрған марокколық Карим Беннанимен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Жасөспірімдер арасында US Open негізгі турнирде Амир Омарханов, қыздардан Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева өнер көрсетеді.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!